• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2017

Сингапурде 21 жасқа дейінгі азаматтарға темекі сатылмайды

240 рет
көрсетілді

Сингапур билігі темекі шегуге рұқсат берілетін ең төменгі жасты 18-ден 21-ге арттыруды жоспарлап отыр. Мұндай ұсынысты парламент қарауына денсаулық сақтау істері жөніндегі министр Эми Кхор ұсынды. «Осы жасқа келмеген азамттарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынады, сондай-ақ, бұл заттарды сақтағаны үшін де жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып отырмыз», – деді министр. Оның айтуынша, бұл ұсыныс алдағы бірнеше жылдың көлемінде жүзеге асуы тиіс. Ел билігі өткен жылы 400-ден астам орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сондай-ақ, орташа есеппен алғанда айыппұл көлемі 1,7 мың сингапурлік долларды (380 мың теңге) құрайды. Сингапурдің денсаулық сақтау істері жөніндегі министрлігінің 2010 жылғы мәліметтеріне сәйкес, 18-69 жас аралығындағы азаматтардың жалпы санынан темекі шегетіндер үлесі 14,3 пайызды құрайды.