Россельхознадзор Ресей аумағына жалған ветеринарлық сертификатпен субөнімдер жеткізу әрекетіне байланысты қазақстандық «СБМ- КST» кәсіпорнының ет өнімдеріне тыйым салды, деп хабарлайды аталмыш құзырлы мекемеге сілтеме жасаған abctv.kz.
Сонымен қатар қазақстандық әріптестерге аталған кәсіпорынды Кедендік одақ жеткізушілерінің тізімінен шығару туралы өтініш жолдаған.
Россельхознадзор Венгрияда өндірілген сиырдың субөнімдерін Қазақстаннан Ресейге ветеринарлық сертификаттың түпнұсқалығы расталған соң ғана тасымалдауға рұқсат етілетінін алға тартып отыр. Тиісті сұрау Венгрияның ветеринарлық қызметіне жіберілген.
Венгрияның ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, қазақстандық фирмаға субөнімдерімен ілесіп келген ветеринарлық сертифаттар жалған болып шыққан.
Россельхознадзордың айтуынша, Ресей аумағына өндірілген жері белгісіз ет өнімін өткізу әрекеті алаяқтық болып табылады. Осыған байланысты «СБМ-КST» кәсіпорнынан өнім тасымалдауға тыйым салу туралы шешім шығарылды.