• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Дональд Туск Еуропалық кеңес төрағасы қызметіне қайта сайланды

167 рет
көрсетілді

Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск қызметіне қайта сайланды. Мұндай шешімді Кеңеске мүше мемлекеттердің басшылары Брюссельде өткен саммитте қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Бүгін ЕК саммитінде Дональд Туск Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына екінші мәрте қайта сайланды. Ол қызметін әлі 2,5 жыл атқаратын болады», – деп мәлім етті Еуропалық кеңестің баспасөз қызметі. Дональд Тусктың қазіргі мандатының мерзімі 2017 жылдың 31 мамырында аяқталуы тиіс болатын. Енді ол қызметін 2019 жылдың 30 қарашасына дейін атқарады.