• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2011

Осындай ойымыз бар

429 рет
көрсетілді

Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылындағы мектеп «Ақбидай негізгі мектебі» деп аталады. Кеңес дәуірінде аталмыш ауыл Жданов атындағы совхоздың бөлімшесі болған. Бертініректе, Жданов атауын «Ақбидай» деп өзгерткен-ді. Аты өзгерген совхоздың бүгінгі таңда аты түгілі, заты да жоқ. Жоламан ауылы – кезінде қара дақ жағып, қуғын-сүргінге ұшы­ра­тып, «халық жауы» атандырған, ар­тынан абақтыда атылып кеткен Нұр­мұханбет Мәрденов есімді Алаш азаматының туып-өскен жері. Биыл сол арысымыздың туғанына 110 жыл толып отыр. Бірақ жұрт тілегі ескеріліп өзі оқыған, кейін ұстаздық еткен мектепке есіл ер есімі бүгінгі күнге дейін берілмей келеді. Ол 1918-1919 жылдары көр­некті жазушы Сәбит Мұқановпен Омбы мұғалімдер семинария­сын­да қатар оқып, алғашқы еңбек жолын Жоламан ауыл мектебінен бастаған екен. Алаштың Мағжан Жұмабаев сынды біртуар ұлымен де Нұр­мұханбет Мәр­денов тығыз қарым-қатынаста бол­ған. Кенже інісіне Мағжан есімін беріп, ақынмен дос, пікірлес жүрген. Нұрмұханбеттің жалғыз ба­ла­сы – Нәскен Нұрмұхан­бетұлы Мәр­денов қазір Алматы қаласын­да тұра­ды. Ол кісі әкесі атылған Омбы жерінен бір уыс топырағын Жола­манға әкеліп, ата-баба зи­ратына қойып, ұрпақтары мәр­мәр тастан ескерткіш орнатты. Сөйтіп, үлгілі іске ұйытқы болды. Жуырда жақсыдан қалған тұяқ Нәскен Нұрмұханбетұлы жерлестері – біздерге арнап хат жіберіпті. Онда қария Қазақстан тәуел­сіздігінің 20 жылдығы қарсаңын­да туғанына 110 жыл толғалы отыр­ған азаматтың есімі өзі оқы­ған, қызмет еткен мектепке берілсе игі болар еді депті. Біз де көптен бері айты­лып, шешімін таппай келе жатқан осы тілекке қо­сыламыз. Арысы­мыз­ды ұмыт­пай ардақтасақ, қане! Бұл өті­нішке тиісті орындар мән беріп, оң шешім шығарады деген сеніммен ауыл тұрғындарының атынан: Б.Смағұлов – мектеп ди­рек­торы, И.Рахимов – оқу ісінің мең­герушісі. Мұғалімдер: Д.Тоқсанбаева, Б.Шүкелова және хатқа бұдан басқа 13 адам қол қойған. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылы.