Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 сәуірде жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркте болып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Бас хатшының бірінші орынбасары Аша-Роуз Мигиромен, Бас хатшының Бас Ассамблея істері және конференциялық басқару жөніндегі орынбасары Мұхаммад Шаабанмен, Бас хатшының экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзуканмен, Бас хатшының қарусыздану жөніндегі орынбасары Сержиу ди Кейрус Дуартимен, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Йозеф Дайсспен, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Хелен Кларкпен, Бас хатшының Бас Ассамблея істері және конференциялық басқару жөніндегі көмекшісі Франц Бауманнмен және БҰҰ Хатшылығының басқа да жауапты қызметкерлерімен кездесті.
Кездесулер барысында БҰҰ-ның Женева бөлімінің қызметі және оның дүниежүзілік ұйымның штаб-пәтерімен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.