• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2011

Халыққа қызметтің үздік үлгісі

369 рет
көрсетілді

Елі сенген Елбасы, міне, ел тізгінін қайта қолына алды. Өз басым, сәуірдің 3-і күнгі кезектен тыс президенттік сайлауда сайлау­шылар­дың 95 пайыздан астамының қол­дау­ын алған Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның бұл жеңісі іс жүзінде 20 жыл бойы халқына қалтқысыз қызмет ет­кен ерен еңбегінің жемісі деп са­наймын. Осы орайда, мен өзім таныған Елбасының үш қасиеті туралы айтуды жөн көріп отырмын. Мені ең алдымен Елбасының қырағы­лы­ғы қайран қалдырады. Осыдан тура 14 жыл бұрын еліміздің астанасы Арқа төсіне ауысады дегенде, буы­нып-түйініп келген көштің орта­сын­да мен де болдым. Қызметке кірістік. Күн-түн демей жұмыс жа­са­дық. 300 мыңға тұрғыны әрең жететін шаһардың бүгінгідей әсем қа­лаға айналарына алғашында мен де күдікпен қарап едім. Тек қана Елба­сы­мыздың көрегендігі арқасында Астана әлемдегі қауқарлы қала­лар­дың біріне айналды. Екінші бір қа­сиеті – қайсарлығы таңдандырады. Ә дегеннен, қоғамды дендеп, тұн­шықтырып бара жатқан ұйымдас­қан қылмыстық топтардың көзін жою­ды талап етті. Жең ұшынан жал­­ғасқан жемқор­лықпен күресті қолға алды. Ел та­балдырығынан есірт­­кінің енбеуін тапсырды. Осы­ның арқасында кө­шедегі бұзақылық кеміп, елдің көңілі тынышталды. Жұрттың құ­лағы жастыққа тигенде уайымсыз көз ілетін болды. Елдің әлеуметтік ахуалын көтеру үшін биз­нестің бақшасын гүлдендірді. Әрбір адам­ға өз кәсібін дөңгелету үшін ба­рын­ша жағдай жасады. Мем­ле­кеттік органдардың тарапы­нан жасалған қысымды шектеп, кә­сіпкерлерге кедергі келтіретін бар­лық тетіктерді алып тастады. Со­ның арқасында біраз жұрт биз­нес­тің не екенін түсініп, отандық тауарлар өндірісінің көсегесін көгерт­ті. «Сырт көз – сыншы» деген. Талай шет мемлекеттер мен халықара­лық ұйымдар жаңадан тәуелсіздік алып «тәй-тәй» басқан жас мем­ле­кеттің аяқ алысына сын көзбен қарап, демократиялық институттар­дың қалай дамитынын бақылап отырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық қасиеті, оның өзге мемлекет басшыларымен сенімді әріп­тес­тік, кіршіксіз достық орнатуы Қа­зақ­стан атын әлемге паш етті. ЕҚЫҰ-ға төрағалығына Қазақстан сайланып, қазақ жеріне әлемнің алпауыт елдерінің бірінші басшы­ларының табан тіреуі және бұл тарихи кездесудің абыроймен өтуі тек Елбасымыздың арқасында болған құбылыс десек артық айтқандық емес. Мен жастайымнан темірдей тәртіпке бағынып, сапта жүріп есейген азаматпын. Президенттің ал­дында адал еңбек еттік. Бола­шақ­та да ел мұраты үшін қалтқысыз қызмет жасауға әзірміз. Бірақ мен халық алдында тік тұрып, қызмет етудің мәнері қалай болу керектігін Елбасымыздың алдына барғанда түсіндім. Табиғи тәкаппарлығы таудай болғанмен, халқының алдында риясыз көңілі мен мейірімділігі сезілді маған. Көздерінен ұшқында­ған жалын болашақтың есігін қағып тұрғандай әсерде қалдым. Бұл кісімен кез келген тауды қопарып, талай биікті бағындыруға болатынын байқадым. Міне, біздің Елбасы осындай тұлға ретінде әрдайым құрмет сезімін туғызады. Марат ДЕМЕУОВ, Астана қалалық ішкі істер департаментінің бастығы,  полиция генерал-майоры.