• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Оңтүстік Қазақстанда биыл 1000 гектар суармалы жер айналымға қосылады

202 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі суармалы жерлерді ұлғайту мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Мәжілісте «Қазсушар» және «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары өкілдерінің атқарған жұмыстарының есептері мен ұсыныстары тыңдалды. Биыл 37 шақырымдық 12 су нысандарына облыстық бюджеттен 995,9 млн теңге қаржы қаралған. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда 3005 гектарға суармалы жердің жағдайы жақсарып, 1000 гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».