• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

173 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы

«Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Барлық деңгейдегі орталық жә­не жергілікті мемлекеттік органдар, жер­гілікті өзін-өзі басқару органдары Пар­ламенттің, Үкіметтің және өзге де мем­лекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. 2. Қазақстан Республикасының Пар­ламентіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес Парламенттің және оның Палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкі­меті орталық және жергілікті атқа­рушы органдардың өкілеттіктердің қосым­ша көлемімен жұмысқа функцио­нал­дық дайындығына талдау мен баға­лауды жедел жүргізсін және атқару­шы органдардың жаңа ұйымдық-құқық­тық жағдайларда тиімді жұмыс істеуін қам­тамасыз ететін шараларды қабылдасын. Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндасын. 4. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің заң шығару бастамасы тәрті­бімен Қазақстан Республикасы Парла­менті Мәжілісінің қарауына мыналар енгізіледі деп айқындалсын: 1) «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті туралы», «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі туралы», «Қазақ­стан Республикасының Конститу­циялық Кеңесі туралы», «Қазақстан Респуб­ликасының сот жүйесі мен судья­ларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарды Заңға сәйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заңның жобасы; 2) «Прокуратура туралы» жаңа Қа­зақстан Республикасы Заңының жобасы. 5. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Прези­дентінің қолданыстағы актілерін Заңға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде: 1) өзге де заңнамалық актілерді Заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын; 2) Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың актілеріне ревизия жүргізуді және оларды Заңға сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Со­ты, Орталық сайлау комиссиясы, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау және Заңға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдік және халықаралық әріптестеріне конституциялық реформаға сәйкес елдің мемлекеттік құрылымында болған өзгерістердің мәні мен мазмұны туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін. 9. Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Әкімшілігі және Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз №437