• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2011

Киномен бейнеленген достық

426 рет
көрсетілді

Қазақстан елшілігі, Мәскеу қа­ла­лық мәдениет департаменті және «Мәскеу киносы» бюджеттік мәде­ни­ет мекемесінің қолдау-бастама­сы­мен Ресей астанасында «Дос­та­рымыздың киносы» деп аталатын халықаралық кинофорум өтті. Он­ың бағдарламасы Еуропа, ТМД, Шығыс Азия және Кавказ елдерінде шыға­рылған алпыстан астам фильмдерді қамтиды. Форум ая­сын­да Мәскеудің «Владивосток», «Нева», «Сатурн», «Свобода», «Спут­ник», «Тула» және т.б. ки­но­театрларында ресейлік кө­рер­менге бұрыннан белгілі Рига сту­дия­сы­ның, Довженко атындағы сту­дия­­ның, «Таллинфильм», «Беларусь­фильм», «Азербайжанфильм», «Ар­менфильм», «Грузия-фильм», «Өз­­бек­фильм», «Қырғызфильм», «Қазақ­фильм» компания-студия­ла­ры­ның туындыларымен бірге, Куба, Польша, Румыния, Германия, Чехия сияқты ел­дер­дің киношығар­малары да көрсетілді. Аталған форум кезінде Қаза­қстан киносының күні Арбат алаңындағы «Художественный» кинотеатрында өтті. Бұл күні қазақстандық режиссерлер мен авторлардың (Ақтан Арым Құбат, Қуат Ахметов, Сәбит Құрманбеков, Данияр Саламат, Қа­нағат Мұстафин, Лев Вахитов, Ар­дақ Әмірқұлов, Мұрат Жәкібаев, т.б.) «Жұмақ кілті», «Күтпеген махаббат», «Жел адам», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Әкем екеуміз», «Секіру», «Секер» көркем фильмдерімен бірге, «Рахмет айтып үлгеру», «Матай, аңыздың бастауы» деректі фильмдері жұртшылық назарына ұсынылды. Қазақстан киносы күнінің ашы­лу рәсіміне қатысқан елші Зауытбек Тұрысбеков өз сөзінде бүгінгі таң­дағы интеграциялық үдерістердің мәдени саладағы байланыстарды да жандандырғанына көпшілік наза­рын аударып, бұл киношығармалар адам­дардың қарым-қатынастарын ны­ғай­тып, өзара достық пен тү­сі­ніс­тік ұғымдарын тереңдете түсетін­дігін атап көрсетті. Серікқали БАЙМЕНШЕ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.