• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Уақыт көшіне ілескендігімен құнды

167 рет
көрсетілді

Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында конституциялық реформаны талқылаған күндердің жалпы қорытындысына арналған іс-шара болып өтті. Оның жұмысына Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен активтер қатысты. Шараны өткізудегі басты мақсат – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан билік тармақтары ара­сын­дағы өкілеттіктерді бөлу мә­се­лелерін талқылау. Шарада Ақмола облыстық ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марал Жақыпова сөз сөйлеп, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов төрағалық етті. Сондай-ақ, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Ғосман Төлеғұл, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіндегі ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев пен Ақмола облыстық әкімдігі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» МКМ медиаторы, отставкадағы судья Ғайша Сыздықова өз ойларын ортаға салды. Ардақ Қапышев Конституцияға енгізілген өзгерістер тағдыршешті шешімдер екендігін айта келіп, олардың әрі қарайғы дамуымыздың негізгі бағыты болып табылатынына ерекше назар аудартты. Мә­се­лен, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­матулин Конституцияға ен­гізіл­ген өзгерістерге қатысты сөзінде конституциялық рефор­маның демократияны одан әрі дамыту, күшті президенттік билікті сақтай отырып, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыру екендігін баса айтқан болатын. Бұл тұрғыдан келгенде, Ақ­мола облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ғылыми-сарап­шылық тобының ұсынысына сәй­кес, Елбасы Жолдауы мен респуб­лика халқына жасаған Үндеуі бір-бірін толықтырып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы мен билік тармақтары арасындағы еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу бастамасымен астасып жатқандығы ерекше аталды. Ең бастысы, ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар дер кезінде жүзеге асырылғандығымен ерекшеленеді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы