• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңі

210 рет
көрсетілді

Ата Заңға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын сая­си реформалардың басты баптарымен танысу мақсатында облыстық, аудандық қоғамдық келісім кеңестері, облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері Достық үйіне жиналды. «Мемлекетіміздің басты құн­дылықтарының бірі – ұлтаралық келісім. Ортақ мүдде жолында бір­лесе қызмет етуді Атыраудағы өзге ұлт өкілдері де қуаттайды. Бір­­лігі мен берекесі жарасқан елі­­міз­дің жаңа белестерді бағын­ды­руына қабылданған консти­ту­ция­лық реформа оң ықпал етеді деп сенеміз», – деді облыстық Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­­­лығының басшысы Гүлмира Шәкірова. Мәжілісте тарих ғылым­дарының кандидаты, профессор Болат Нығыметов, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Кәрім Өтелбаев конституциялық реформаның мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңі екені жайында сөз сөйледі. Облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дүй­сен­бек Құлжанов, «Новруз» әзер­байжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов, «Бы­лина» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Райса Биткова өздерінің сөздерінде аталған реформаны жүзеге асыру жалпыхалықтық іс екеніне тоқталды. Қоғамдық келісім және достық үйінде қазір 17 этномәдени бір­лестік жұмыс істейді. Ал жақында барлық аудандардағы әкімдіктер жанынан Ассамблея саясатын жүргізуге, Қоғамдық келісім, ана­лар мен жастар кеңестерінің жұмыстарын ұйымдастыруға арнайы штат ашылды. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ