• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Мақсат – Қазақстанды тың белеске көтеру

148 рет
көрсетілді

Таяуда Қазақстанның Берлиндегі елшілігінің ұйымдас­тыруымен, Президент Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті. Қоғамдық-саяси ортаның өкіл­дері, дипломаттар, саясат­кер­лер, сарапшылар және Германия­ның БАҚ өкілдері қатысқан басқосуда еліміздің ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов кіріспе сөз сөйлеп, Қазақ­­станның 25 жыл ішінде эко­­но­микасы дамы­ған, тұрақты сая­си жүйесі қалып­тас­қан елге ай­нал­ғанын айта келіп, бұл қол жет­кі­зіл­­ген т­абыстар мемлекетке саяси жүйе­ні реформалауға мүмкіндік бере­тінін атап өтті. Қазақстандық дипломаттың сөзіне қарағанда, конституциялық реформаны енгізу жолымен билік өкілетті­гін қайта бөлу Қазақстанның демократиялық тұрғыда дамуын жылдамдатады. Бұдан кейін елші Мемлекет басшысының биылғы Жол­дауы­ның негізгі ережелеріне тоқ­тал­ды. Б.Нүсіповтің айтуын­ша, Жол­дауда көрсетілген басым­дықтар Қазақ­станды 30 озық елдің қа­тары­на қосылу жолындағы іс-әре­кет­теріне серпін береді, ел эко­но­­ми­касының одан әрі дамуына оң­тайлы әсер етеді, сондай-ақ бұған дейін қабылданған стра­­те­гия­лық бағдарламалардың ор­нық­ты жүзеге асырылуына жол ашады. Баспасөз мәслихаты ба­ры­­­сын­­­да қ­аты­су­шылар Қазақ­­­стан Пре­­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев­тың билік тармақтары ара­сын­дағы өкі­лет­тілікті қай­та бөлу жөніндегі Үн­деуі ел­дегі демо­кратиялық про­цесті нығай­ту­дағы маңызды қад­ам бо­лып табыла­тынын, оның ел эко­но­микасының дамуын, халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететінін, аталған бастамалар дер кезінде күн тәртібіне шығарыл­ғанын сөз етті. Баспасөз мәслихатының соңында Қазақстан елшісі Қазақ­стан мен Германияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті аспек­тілеріне байланысты неміс ау­ди­ториясын қызықтыратын сұрақ­­тарға жауап берді. Сонымен бірге, германиялықтарды Қазақ­стан­ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басымдықтарымен және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­­­сін ұйымдастыру алдын­дағы жұмыстардың барысымен таныстырды.