• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

215 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын болып, қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Ақмола облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, әрі көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлері тұманды болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ болуы мүмкін. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысында, Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.