• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Әлеуметтің әлеуеті – электронды жүйеде

199 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Т.Дүй­сенова Ақтөбе облысын­дағы жұмыс сапарын халыққа қыз­­мет көрсету орталығының қыз­­меті­мен танысудан баста­ды. Ми­нистр орталық қызмет­кер­лері­мен өзара ой-пікір алмасу ба­ры­сында алдымен жұмыспен қам­ту ісі­нің жай-күйіне назар аударды. Бұл бағытта жұмыссыз жүр­гендерді тіркеу, олар­ды әлеу­­меттік жұмыс орындарына жолдау және қайта даярлау курс­тарынан өт­кізу жөнінде бір­қатар жұ­мыс­тар атқарыл­ды. Деген­мен, министрдің айтуын­­ша, аталған орта­лық қыз­ме­тін­де әлі де болса ширатып, жетілдіре түсетін тұстар бар. Әсіресе, ақпараттық жүйені одан әрі тереңдету мен бағ­дарлама шеңберіндегі деректер базасын толықтыруда өзі­нің шеші­мін күтіп тұрған мәсе­лелер жеткілікті. Қурайлы ауылдық окру­гінің тұрғындарды тұрақты қызметке тарту жөнінде іс бірінші кезекте жергілікті ат­қарушы органдармен бірге қоян-қолтық жұмыс атқа­рып жүргені оң пікірге лайық­ты. Бұл орайда былтырдан бері байыпты бағдарлама жұмыс жасап келеді. Оның аясы округ­тегі 8100 тұр­ғын­ды қамтып отыр. Қурай­лы­лық­тардың халық­ты жұмыспен қамту ісіндегі тәжірибелері­нен үйренуге облыстың өзге 143 ауылдық округі ықылас танытуда. Бұдан екі-үш жыл бұрын өңірдегі ауыл әкім­дері халықтың са­ны мен тұр­ғынд­ардың мәр­тебесін, тұр­ғын үйлерінің жай-кү­йін, көлік пен мал санын анық­тауды өздерінің қолын­дағы шаруашылық кітабының көме­гімен жүргізіп келген. 2015 жылдан бері бұл тәсіл келмес­ке кетіп, оның орнын электронды формат алмастырды. Бұл өміршең мәліметтер базасымен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды жүйенің биыл­ғы жылдың 1 шілдесінде ен­гі­зілетін міндетті медици­налық сақтандыру ісіне үлкен септігі мен көмегін тигізе ала­тынды­ғы да қуантады. Еңбек және халықты әлеу­­­­мет­тік қорғау министрі Тама­­ра Дүйсенова мен об­лыс әкімі Бердібек Сапар­баев­тың қатысуымен өткен кез­десу­лерінде әлеуметтік қорғау­ды одан әрі жақсарту жөнін­дегі кеңесте және халық­пен кездесулерінде жұ­мыс­пен қамтуды жетіл­діру мәсе­лелері талқы­лан­ды. Сон­дай-ақ, министр аймақ­та­ғы кәсі­би-тех­никалық ма­ман­­дар әзірлейтін арнау­лы оқу орындарында болып, бір оқу­шы-студенттің нарық сұ­ра­ны­сына сай қос маман­дық алуы қажеттілігінің кей­бір қырларына тоқтал­ды. Т.Дүйсенова оқу орын­дары­ның өндіріспен байла­нысы­ның өзектілігін, тәжіри­беден өткізу кезеңінің жауап­­ты­­­лы­ғын, ең бастысы, сту­дент­­тердің оқу орнын аяқта­ған­нан кейін жұмыссыз қал­мауы керек­тігін жеткізді. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы