• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қар суына қамданыс қандай?

221 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Нұр­мұхам­бет Әбдібеков Қарқаралы ауданы­ның көктемгі су тасқынына дайын­дығын тексерді. «Жыл са­йын су тасқыны осы жерден басталатын­дықтан, арнайы келіп отырмыз. Өзен осы жерден басталады. Жоспар­лан­ған су тасқынына қарсы іс-шара­лар­ды жүзеге асырудың барысымен таны­самыз. Бі­здің мін­детіміз – төтен­ше жағдайларға жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету», деді өңір басшысы. Облыс әкімі, сонымен қатар, су басу қаупі бар Қарқаралының бірне­ше ауы­лын аралады. Облыс әкімі Нұра өзені­нің бойындағы Ынталы ауылы­ның жағдайымен танысты. Көктас ауылы­на жақын маңда Нұрмұхамбет Әбді­беков Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың ағымдағы жағдай мен қабылданатын шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Об­лыс әкімі, сон­дай-ақ, Тегісшілдік ауылы­ның жанындағы Жарлы өзенінің жағасын қарады. Сонымен қатар, Нұрмұхамбет Әбді­беков қардың ас­тын­да қалу қаупі бар Бүркітті ауыл­ы­ның тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғын­дары­ның айтуынша, 50 жыл­дан бері мұн­дай қалың қар жаумаған. Аудан басшысы қар шығару жұмыстары ұйым­дастырылғанын, жұмыстарға арнайы техни­каның тартылғанын хабарлады. Осы ретте Қарағанды облысында «Қара­ған­ды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» авто­көлік жолының учас­ке­сін­де ұзындығы 94 шақырым жол жабы­нына орташа жөндеу жұмыс­тары жүр­гізілмек. Жобаға жол ас­тын­­дағы су өткізу құдықтарын ауыс­­ты­ру да енгізілген. Сондай-ақ, Ма­тақ ауы­лын қызыл судан қор­ғай­тын бө­гет­тің құрылысы қарас­ты­рыл­­ған. Жобаның жалпы құны – 499 млн теңге. Жұмыстар 2017 жылға жоспар­ланған. «Бүгін белгіленген жұмыстар кеше­нінің іске асырылып жатқанын көрдік. Қосымша күшейтуді қажет ететін жайт­тар бар. Сақтансаң – сақтайды демек­ші, биылғы қызыл судың қарқыны былтыр­ғы­дан кем болмауы мүмкін», деді Нұрмұхам­бет Әбдібеков. Жалпы, облыстың 2017 жылғы су тас­қынына дайындығы жоспарлы түрде өтіп жатыр. Материалдық және қаржылық қор жасалған. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы