• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2011

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХVІІ сессиясы қатысушыларының ел азаматтарына үндеуі

415 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар! Қазақстан биыл Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойын қуанышпен атап өтуде. Бұл – бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың  жиырма жылы. Тәуелсіздік – халқымыздың басты мұраты, біздің та­рихи таңдауымыз және тағдырымызды өзіміз ай­қын­дау құқығы. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене оты­рып, Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты­ның негізіне айналды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық даму, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру бағытында таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізді. Біз мемлекетті нәтижелі басқаруға қабілеттілі­гімізді дә­лелдеп, демократия түптамырына берік не­гіз қа­лай білдік. Қазақстан әлемдік саяси картада мығым және беделді орынға ие болып, халық­ара­лық қауым­дас­тықтың жауапты мүшелерінің бірі ретінде та­ныл­ды. Осы сөздерді Қазақстан төрағалық еткен ЕҚЫҰ Саммиті айқын дәлелдеді. Осы жетістіктердің барлығы экономикалық өр­кен­­деу мен Қазақстан халқының игілігіне бағыт­тал­ған Ұлт Көшбасшысының саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында іске асты. Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан На­зар­баевты шын көңіл, ақ ниетпен қолдайды. Сайлаудағы жеңіс ел Президенті мен бүкіл Қазақстан халқының нағыз жеңіс шыңына айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қаты­настарды үйлестіруші маңызды қоғамдық институт ретінде Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғын­да­рына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» ат­ты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір ел­дің баласындай, бір қолдың сала­сын­дай жұмылуға шақырады. Ассамблеяның ХVІІ сессиясының қатысушы­лары Қазақстан халқының ұлттық рухы – дәстүр, отан­сүй­гіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақы­ра­ды. Біз, ел азаматтары, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе оты­рып, күшті, ырыс-ынтымағы тасыған, өркенді дамы­ған Тәуелсіз Қазақстанды құраты­нымызға сенеміз! Астана қаласы, 2011 жылғы 18 сәуір.