• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2017

Маңызды мәселелерге мән берілді

200 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық үнқатысу» жо­басы аясында өткен ап­таның өзекті мәселе­леріне өз пікірін білдірді.

Қазақ тілінің мәртебесі өседі

«Қазақ тілі мен қазақ әдебие­тіне қатысты барлық дүние әрқашан маңызды. Бұл тура­лы Білім және ғылым министрлігі жан-жақты мәлі­мет берді. Олар керісінше емтихан тапсыру кезіндегі қазақ тілінің рөлін күшейтті. Қазіргі кезде министрлік ҰБТ-ны екіге бөлді: мектеп бітіру емтиханы және жоғары оқу орнына түсу емтиханы. Бітіру емтиханында қазақ тілі қалдырылды жә­не ол аттестатқа әсер етеді. Уни­верситетке оқуға түсуші­лерге қарағанда мектеп бітірушілер айтарлықтай көп. Яғни, бұл қазақ тілінің мәртебесі одан әрі өсе түседі дегенді білдіреді», деді министр. Д.Абаев аптаның ақ­па­рат­тық ағынының арасынан алматылық Вячеслав Попов­тың мәлімдемесіне ерекше тоқталды. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жарты жыл ішінде қазақ тілін үйре­нуге құлшыныс танытып отыр­ғанын жазған болатын. «Мен Вячеслав Поповтың қазақ тілін үйренемін деген декларациясын өзіме түртіп алдым. Мұны қадағалайтын боламын. Ақпарат және коммуникациялар министрі ретінде мені де қа­зақ тілінің оқылмай, белсенді түрде талқыланатыны, ал аза­мат­тардың қызығушылығы елеу­сіз қала беретіні таңдан­дыра­ды», деді ведомство басшысы.

Ұшу қауіпсіздігі ұдайы назарда

«Азаматтарымыздың аза­маттық авиациядағы қауіп­сіз­дікке назар аударуы түсінікті. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі бо­йынша ақпарат құралдарында жеткілікті мәлімет беріледі. Қазірдің өзінде бізге ұшқыштар экипажы нұсқаулықты қатаң сақтағаны және әуе жолаушылары үшін қатерді барынша төмендеткені белгілі», деді Д.Абаев. Ведомство басшысы үш ұшақ та әр түрге жататындықтан, мәселе істен шығу жүйесіне байланысты емес екенін айтты. «Мемлекет халықаралық әуе желілерінің де, ішкі әуе желілерінің де қауіпсіздігін қалт етпей қадағалайды. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне арналған тұтас бағдарлама бар. Үкімет пен Азаматтық авиация комитеті ХААҰ-мен (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) тығыз жұмыс істейді. Аталған ұйыммен қол қойған барлық қажетті нұсқаулықтарды Қазақстан орындайды», деп сендірді министр.

Қызмет көрсету орталықтары көбейеді

«Біз арнайы ХҚО-ларда 700 мыңға жуық жүргізуші куәлігін беріп, 3,5 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көр­­сеттік. Барлығын автомат­тан­дырдық. Арнайы ХҚО-лар салдық. Әрине, мұндай арнайы ХҚО-лар бар өңірде жұмыс істей бермейтіні өкінішті. Бұл мекемелер 12 қалада бар. Қазір осы үдерісті әрі қарай жалғастырудамыз. Ағымдағы жылдың ішінде тағы екі ХҚО-ны іске қосамыз деп ойлаймын», деді министр. Д.Абаев «ерекше» нөмірлерге қатысты да ойымен бөлісті. «Бүгінде мемлекет қазынасына осындай «әдемі» нөмірлерді сатудан 5,3 миллиард теңге түсті», деді ол.

Министр сондай-ақ, жаңа «Ел Арна» телеарнасын іске қосу туралы да айтты. «27 нау­рызда біз «Ел Арнаны» іске қосамыз. Бұл арнада қазақ­стан­дық көркем және деректі фильмдер үздіксіз көрсеті­летін болады. Тек қазақ­стандық кинолар. Бұл біздің телеарналардың тарату желі­сінен орын таба алмай жүрген отандық фильмдерді экранға шығаруға мүмкіндік сыйлайды», деді министр.

Әзірлеген Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар