Бұл бәсеке 28-30 сәуір аралығында «Алматы Арена» спорт сарайында өтеді. Оған «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Газпром-Югра» (Россия) және «Қайрат» АФК (Қазақстан) командалары қатысып, Еуропаның басты титулы үшін сайысады.
«Қайраттың» қақпасын әлемнің ең үздік қақпашысы Игита қорғаса, «Спортинг» сапында алматылық жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларының бірі Лео ойнайды. Ал «Югра» құрамында ресейлік футзалдың жарық жұлдыздарының бірі Эдер Лима өнер көрсетеді. Сонымен қатар «Интерде» әлемнің үздік футзалшысы Рикардиньо бар.
Ойын кестесі:
28 сәуір 2017 ж.
«Газпром-Югра» - «Спортинг» 18:00
«Интер Мовистар» - «Қайрат» 20:00
30 сәуір 2017 ж.
Үшінші орын үшін өтетін ойын - 17:00
Финал - 19:00.