Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды. Пациенттің айтуынша, ол Қазақстанға келіп, елдің мәдениетімен, халқымен танысуды көптен армандаған. Алайда Алматыға келгеннен кейін үш күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагноз − қолқаның инфрареналдық бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтады. Мұндай патология шұғыл хирургиялық көмексіз адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Себебі ол ішкі қан кетумен қатар жүреді. Пациентті профессор Серік Тұрсынбаев пен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев қарап шықты. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Ота барысында дәрігерлер аневризманың жарылғанын растады және пациентке жасанды қантамырлық протез орнатты. Мұндай оталар тамыр хирургиясындағы ең күрделі оталардың бірі болып саналады және жоғары дәлдікті, жедел шешім қабылдауды әрі медициналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді.
«Мен өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге, сондай-ақ Қазақстан бойынша күн сайын адам өмірін арашалап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз бен адамгершіліктеріңіз үшін рақмет», деді турист.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ол әрі қарай амбулаториялық ем қабылдайды.