• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 21 Наурыз, 2017

Түркістандағы Наурыз той конференцияға ұласты

116 рет
көрсетілді

Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде "Түркістан және түркология" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция шымылдығын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түрді. Жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТҮРКСОЙ ұйымының төрағасы Д. Қасейіновке 70 жыл толуына орай жолдаған құттықтау хаты мен төсбелгісін тапсырды. 

Академик, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков осы оқу орнының ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның сол кездегі президенті Тұрғыт Өзалдың тату қарым-катынасы, қолдауы арқасында алғашқы құжаттарға өзі қол қойғанын еске алып, 1992 жылғы тарихқа тоқталып өтті. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаевтың "Түркістан " атты өлеңін оқып беріп, кезінде азып-тозған киелі шаһардың бүгінде басына бақ қонғанын айтты. 

Ғалымжан Елшібай, "Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар