Бұл жерде асық атудан, гiр көтеруден, қазақ күресінен сайыстар ұйымдастырылып, "Ұлыстың ұлы күні" атты театрландырылған көрiнiс жұртшылық назарына ұсынылады.
- Киіз үйлер байқауын жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Биылғы сайыстың бiр ерекшелігі - қаладағы банктер мен кәсіпорындар да қатысып, белсенділік танытып отыр. Жалпы, Семей қаласы мен оған қарасты елді мекендерде мейрамды тойлау 19 наурыздан басталып, 31 наурызға дейiн жалғасады, - дейді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев. Оның айтуынша, ұлық мереке шаһарға қарасты Абыралы, Қайнар, Айнабұлақ, Алғабас, Бөкеншi, Шаған, Жазық секілді ауылдарда да жоғары деңгейде аталып өтiлетін болады.
Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан"
Шығыс Қазақстан облысы