• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2017

Ақтауда Наурыз мерекесін тойлауға 25 киіз үй тігілді

130 рет
көрсетілді

Ақтауда көктем жаңбырлы басталды. Тұрғындарда 2-3 күннен бері жауған нөсер жауын Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға кедергі бола ма деген қорқыныш та болмай қалған жоқ.

Алайда, 21 наурыз күні 15 шағынаудандағы теңіз жағалауынан 25 киіз үй тігілді.

Наурыз мерекесін тойлауға және тамашалауға келген қонақтарды қабылдау үшін киіз үйлерді тігуге, мерекелік шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысындағы барлық кәсіпорындар дәстүрлі түрде жұмылдырылады.

Ұлыстың Ұлы күнін тойлау кезінде кедергі келтірмес үшін теңіз жағалауындағы «Айдын» кафесі мен 14-шағынаудандағы «Астана» сауда орталығы арасындағы жол уақытша жабылмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

 Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар