Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сонымен қатар мәртебелі қонақты Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А. Мамин, Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, Қазақстан Републикасының Өзбекстандағы Елшісі Е. Өтембаев қарсы алды.
Бұл Шавкат Мирзиёевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары.
Өзбекстан Республикасының Президенті Мирзиёев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.