• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Наурыз, 2017

Алға, Қазақстан!

800 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Республикалық спорт колледжінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында аталған ба­сымдықтардың мәнін зерделеуге ар­налған шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының өкілдері, аталған оқу орнының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара Елбасы Жол­дау­ын қолдай отырып, құ­жат­та нысанаға алынған негіз­гі басымдықтарды, олар­­дың маңызы мен мәнін жас спортшыларға түсін­діру­ге бағытталды. Эконо­ми­каның жеделдетілген тех­­нологиялық жаң­ғыр­­ты­луы, бизнес-орта­ны тү­бе­гейлі жақсар­ту және кеңейту, мак­ро-эконо­ми­ка­лық тұрақ­ты­лық, адами ка­питал сапасын жақсар­ту, инсти­тут­тық өзгерістер­ге, қауіп­сіздікке және сы­бай­лас жем­қорлықпен күрес сияқ­ты әр басымдық бо­йынша жеке-жеке баяндамалар жа­салды.

Аталған оқу ордасының басшысы Амалбек Тшанов жас спортшылардың бола­шағы елі­міздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еке­­нін тілге тиек етті. «Бар­ша­мыз­ға бел­гілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқымен тіке­лей сұхбаттасты, өзі­нің ойын, көзқара­сын айтып, ал­ға қойған мақ­сат­тарымен бөліс­ті. «Қазақ­стан­ның Үшінші жаң­ғы­руы: жа­һан­дық бәсеке­ге қабі­лет­тілік» атты Елба­сының биылғы Жолдауы – өзі­нің тари­хилы­ғымен ерек­ше­ле­нетін құжат. Елба­сымыз­дың қай Жол­дауын алып қарасақ та ас­тарында ұлт болып ұйысу, ха­лық болып біріге отырып қиын­дық­тарды еңсеру идея­сы жат­қанын байқауға болады. Елбасының сали­қалы саясаты еліміздің әлем­­нің 30 дамыған елінің қа­­тарына қосылуына то­лық мүмкіндік беретініне сенім­­­­діміз. Дамуымыз же­дел, келеше­гіміз кемел болуы үшін Елбасы Жол­дауы­нан туындайтын мін­­дет­­терді орындауда елі­міз­­дің әр азаматы табан­дылық таны­туы қажет», деді ол өзі­нің сөзінде.

Аталған «Рес­пуб­ли­ка­лық спорт колледжі» – елі­міздің атын әлемге әйгі­леп жүрген талай спорт­­шы­ны қанаттандырған киелі ша­ңырақ. Ал шараға қа­тыс­қан бар­лық спортшы өрен­ өздері­не тән үрдіс­пен бірауыз­дан «Алға, Қа­зақ­стан!» деп ұрандатты.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар