• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 24 Наурыз, 2017

Моноқаладағы мазасыз күй

166 рет
көрсетілді

Мемлекет тарапынан моноқалаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Еліміздің әр аймағында бұл орайда тиісті жұмыстар атқарылып, атқарылған әрбір іс халық игілігіне қызмет етуде. Жамбыл облысындағы Жаңатас және Қаратау қалалары да ертеден өндірісті өлке болып саналғандықтан, мұнда да бүгінде маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді. Әйткенмен де әттеген-ай дейтін мәселе де жоқ емес.

Бүгінде байыпты істерді қолға алып, қарқынды даму жолына түс­кен Жаңатас қаласында су тапшы. Қала тұрғындары ауызсу зә­ру­лі­гін сезінуде. Бұлай дейтініміз, қа­­ладағы көп қабатты үйлерге су та­ңер­теңгі сағат 7 мен 12-нің аралығында және кешкі 18 бен 23  аралығында ғана бе­рі­ле­ді. Ал адам үшін судың қа­же­т­тілігі тәуліктің қай мезгілінде бол­­са да туындайтыны даусыз. Тұр­ғын­дар болса таңертең үйден шы­ғар­да бос ыдыстарға, тіпті, ваннаға су толтырып кететіндерін айтады. Шы­нында да, олай етпеске амалы тағы жоқ. Ал ауданның даму көр­­сеткіштері мен қол жеткізген та­быстары баяндалған аудан әкі­мінің есебінде бұл мәселені Жа­ңа­тас қаласындағы «Айгөлек» ба­ла­бақшасының тәрбиешісі Ольга Касапкина көтеріпті. Әрине, бұл жал­ғыз ғана адамның емес, бүкіл жа­ңатастықтардың тілегі әрі жер­гі­лікті билікке сауалы. «Судың да сұ­рау­ы бар» екенін білген халық суды тір­шілік көзіне балаған. Ал қала адам­дарына ол тіпті ауадай қажет. 

Аудан әкімінің орынбасары Бер­ген Омарбек бұл мәселе жуық арада шешімін табатындығын айтады. Себебі, осыдан алты жыл бұрын тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында нақты жоба да қолға алыныпты. Жо­баның сметалық құны 2 миллиард 227 миллион теңгені құрайды екен. Дегенмен, «Су құбырларын жаңғырту» бағдарламасының екі кезеңі бойынша бұл мақсатқа 2011 жылы 500 миллион, 2012 жылы 859 миллион, ал 2015 жылы 442 миллион 424 мың теңге қаражат бөлініп, иге­рілген. Өткен жылы 352 миллион 370 мың теңге қарастырылған. Ен­ді республикалық, облыстық бюд­­­жеттен бөлінген бұл сомаларға жұ­­мыс атқарылып жатқанын айт­қан Б.Омарбек аудандағы таулы айм­ақ­­т­ар Көпбұлақ пен Бүркіттіден 84 ша­қырым су құбырларының тарты­лып отырғанын мәлімдеді. Айта ке­­тейік, бұл жұмыс 2011 жылы бас­талған.

Ал тұрғындар үшін бұл мәсе­ле­нің бәрі алты жылдан бері бауын тапса да, байлауын таппаған дү­ние болып көрініп тұр. Бәрінен де олар үй­леріне тәуліктің барлық ме­з­гі­лін­де су келіп тұрғанын қалайды.

Кезінде күллі елге өндірісімен аты шыққан Жаңатас қаласы бүгінде су мәселесінен таршылық кө­ріп отыр дегенге сену қиын. Бі­рақ бәрібір ақиқатты айналып өту­ге болмайды. Енді талай жыл­дан бері «жыр» болып келе жатқан су мәселесін аудан әкімінің орынба­са­ры ағымдағы жылдың бірінші жар­ты­жыл­дығында ше­ші­леді деп отыр. Сонымен қатар,   тұр­ғындарға тәу­­лігіне су сегіз сағ­аттан берілген күн­­нің өзінде халық қа­ладағы «Жа­­ң­атас-Су-Жылу» ме­ке­месіне 3 миллион 200 мың теңге қа­рыз екен. «Егер суды тәулігіне берсек, ха­лық оны төлей алмайды»,  дейді Б.Омарбек.

Бірінші жартыжылдықтың бі­ту­і­не де екі айдан сәл ғана астам уа­­қыт қалды. Қалың қардың кө­бесі сө­гіліп, көктем мінезін та­ныт­қан шақ­қа да куә болдық. Бұл уақытта тір­шіліктің оянып, түр­лене түсетіні ақиқат. Енді Жа­ңа­тас жақтан да жағымды хабар бо­лып қалатын күн алыс емес сияқ­ты. Кел­геніне көп бо­ла қоймаса да көп­тің көкейінде жақ­сы пікір қал­дырып үлгерген ау­дан әкімі Балабек Нарбаев су мә­­селесін жолға қояды деген се­нім бар.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»  

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар