• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2017

Жыл үздіктері марапатталды

403 рет
көрсетілді

Бізде жыл қорытындысы әдетте Жаңа жыл қарсаңында жасалып, үздіктер марапатталып жатады. Өкінішке қарай, қазақтың Жаңа жылы саналатын Әз-Наурызда мұндай шаралар сирек ұйымдастырылады. Алайда, соңғы жылдары ма­ңызды шараларды ұлық мереке қарсаңында өткізуді дәстүрге айналдырып келе жатқан аудандар да бар. Мәселен, Жарма ауданында биыл Наурыз мейрамын тойлау барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, қаржы, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет саласының үздіктері жыл қо­рытындысы бойынша «Жыл үздігі» төсбелгілеріне ие болып, құрметке бөленді. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті.  Бұл күні орталық алаңда 15 киіз үй тігіліп, оның іші ЭКСПО-2017 көрмесіне орай қазақ халқының тұр­мыс-салтын бейнелейтін жәдігерлермен безендірілді. 

Мәдениет үйінің өнерпаз­дары жұртшылық назарына мерекелік қойылымдар мен театр­ландырылған көріністер ұсынды. Қазақ халқының ежелден жалғасып келе жатқан ойын-сауық түрі «Алтыбақан» басын­дағы жастардың ән-думаны мерекенің ажарын ашып, сәнін келтіре түсті. Алаңға жинал­ған­дар арқан тарту, қол күресі және гір тасын көтеруден сайысып, мере­кенің көрігін қыздырды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар