• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2017

Қар тазалауға атсалысты

356 рет
көрсетілді

Жыл сайын көктемнің алғашқы айымен Еуразиялық Топтың құрамына кіретін кәсіпорындар арасында дәстүрге айналған «Наурыз – игі істер айы» акциясы бастау алады. Акцияның аты айтып тұрғандай, еліміздің ірі өнеркәсіп кешендері, зауыт- тар мен кәсіпорындар тұрғындарға әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетеді.

Қысы қытымыр, аязды, ақтү­тек бораны жиі соғатын солтүстік өңірде биыл қар қалың түсті. Көктем мезгілінде еріген қалың қар суы халық тұрмысы мен шаруасына қауіп төндіреді. Сол себепті биылғы «Наурыз – игі істер айы» акциясын жүзеге асыруға қатысқан Павлодар алюминий зауытының еңбеккерлері кәсіпорынның еңбек ардагерлері, жалғыз басты зейнеткерлері мен көмекке мұқтаж жандардың үй-жайлары мен аулаларын қалың қардан тазалауға көмектесті.

Игілікті акция шеңберінде зауыттың жастар кеңесінің мүше­лері мен еңбеккерлері зейнеткерлер үйінде отын жарып, су тасып, үй шаруасына қолғабыс жасады.

Наурыз айы бойы жалғасатын игі істер акциясы адамдарға қайы­рымдылық жасауда тамаша жобаға айналды деп айта аламыз.

Ақылбек САТЫБАЛДИН

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар