• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №112

407 рет
көрсетілді

2011 жылғы 3 наурыз, Астана қаласы Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы  Е.ДҮЙСЕНБАЕВ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілді 1. Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республи­касының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және шет мемлекеттер берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану тәртібін айқындайды. Қағида ұшу жарамдылығы сертификаты берілген Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақ­стан Республикасында белгіленген ұшу жарам­дылығы нормаларына сәйкес болған кезде азаматтық әуе кемелеріне қатысты қолданылады. 2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықта­малар пайдаланылады: 1) өтінім – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану үшін жазбаша өтініші; 2) өтініш беруші – шет мемлекет берген әуе кеме­сінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға; 3) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарам­дылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азамат­тық авиация саласындағы уәкілетті орган берген белгіленген үлгідегі құжат. 2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану тәртібі 3. Шет мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификаттарын танудың мынадай тәртібі белгіленеді: 1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласын­дағы уәкілетті органына өтініш беруі; 2) өтініш бойынша шешім қабылдау; 3) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану туралы шешімді беру (беруден бас тарту). 4. Шет мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарам­дылығы сертификаттарын тану туралы шешімін алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласында уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді. 5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) шет мемлекет берген әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарам­ды­лығы сертификатының көшірмесі; 3) пайдаланушы сертификатының көшірмесі (аза­мат­тық авиация саласындағы уәкілетті орган берген авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің көшір­месі, ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі); 4) шет мемлекет берген жергіліктегі жердегі шу бойынша сертификатының көшірмесі; 5) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжат­тардың көшірмесі (егер осы әуе кемесі қайта жабдықталған болса); 6) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақ­тау тәртібін анықтауда әуе кемесі тіркелген мемлекет­тердің авиациялық билік орындарымен жасасқан Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенция­сына 83 bis бап шеңберінде келісімнің немесе Қазақ­стан Республикасының авиациялық билік орындары және әуе кемесі тіркеу мемлекетінің авиациялық билік орындары арасындағы әуе кемесінің ұшу жарам­дылығын қалыпта сақтау тәртібі бойынша жауапкершілікті шектеуді растайтын құжаттың көшірмесі; 7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ор­ганға міндетті түрде берілетін әуе кемесін техникалық пайдалану және әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директивалары мен бюллетеньдері, әуе кемесін және қозғалтқыштарын жасау­шылармен жасалған шарттардың көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылады. 3. Шешім беру, Шешім беруден бас тарту 6. Шешім толық көлемде ұсынылған құжаттар негізінде беріледі. Азаматтық авиация саласындағы уәкі­летті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтіз­белік 10 күннің ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанында Шешімді ресімдейді және береді. 7. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған жағ­дайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 7 күннің ішінде өтініш берушіге кері қайтарады. 8. Өтініш берушінің тапсырған құжаттары осы Қағи­даның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Шешім беруден бас тартылады. Шешімді беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 10 күннің ішінде жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі 4. Шешімнің телнұсқасын беру 9. Шешім бүлінген, жоғалған, ұрланған жағдайда Шешім берілген әуе кемесін пайдалану тоқтатылады. Шешімнің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді. 10. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтізбелік 5 күннің ішінде өтініш берушіге Шешім­нің телнұсқасын береді. Азаматтық әуе кемелерінің шете мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасына 1-қосымша Нысан Азаматтық әуе кемесінінің ұшу жарамдылығы сертификатын тануға ӨТІНІМ _____________________ тиесілі ________________ (мемлекет атауы) _____________________ тізіліміне ______ ж. « _____ » _________ № ______________ болып енгізілген _______________________әуе кемесіне (әуе кемесінің түрі, тану белгісі) № __________________ Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешім беруіңізді сұраймын. Әуе кемесі туралы деректер: 1. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi а) әуе кемесi ________________________________ ә) қозғалтқыштар ____________________________ б) әуе бұрандалары __________________________ 2. Мемлекеттік және тiркеу белгiлерi ___________ 3. Әуе кемесінің түрі мен қолданылуы ________________________________ 4. Әуe кемесiнiң жасалған күні мен сериялық нөмiрi _____________________________ 5. Соңғы жүргiзiлген жөндеудің күні мен орны ___________________________________ 6. Әуе кемесінің ұшуы а) пайдалану басталғаннан берi:_______________ сағат ___________ қонуы ___________ жыл ә) соңғы жөндеуден кейiн: _________________ сағат ___________ қонуы __________ жыл 7. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы: __________ сағат ___________ қонуы ___________ жыл 8. Қозғалтқыштардың түрі және саны ___________ 9. Әуе бұрандаларының түрі ___________________ 10. Мыналардың: а) ұшып көтерілудің __________________ б) қонудың ______________ ең жоғары массасы 11. Орындар саны: а) жолаушылар ______________________ б) экипаж ________ 12. Төңіректегі шу жөніндегі куәлік ____________ 13. Әуе кемесінің меншік иесі және оның мекен-жайы _________________________________ 14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және заңды мекен-жайы __________ 15. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы ___________________________________________ М.О.                                                                                                           _________________________________ (лауазымы) 20______ ж. «_____» _________    _________                                                                   (қолы, аты-жөні) Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызме­ті басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ___________________________ М.О.                                                                                                           _________________________________ (лауазымы) 20______ ж. «_____» _______________                                                _____________________ (қолы, аты-жөні) Азаматтық әуе кемелерінің шетелдік мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын  тану қағидасына 2-қосымша Нысан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN   КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ THE MINISTRY OF TRANSPORT & COMMUNICATIONS АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ   ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ   ____________________________________________берілді. Қазақстан Pecпубликасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының ұшу жарамдылығы нормалары талаптарының парапарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті ___________________________________________ берілгенді жарамды деп таниды. Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты №_______________ Сериялық (зауыт) нөмірі_____________________________________________ Мемлекеттік және тіркеуді анықтау белгісі_____________________________ Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты және оны жарамды деп тану туралы осы қорытынды сертификаттың ұшу жарамдылығының қолданыс мерзімінде 20___ж. _______________дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасы аумағында әуе кемесінде тасымалдап ұшуды орындауға құқық береді. Қорытынды 20_____ж. _________________ жарамды. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Official body                                                 __________________________ М.О. Of the Competent Authority                                (қолы/signature)                  Stamp In Civil aviation Берілген күні _________________________ Date of _______________________________ Азаматтық әуе кемелерінің шетелдік мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасына 3-қосымша Нысан Шешімнің телнұсқасын алуға ӨТІНІМ _________________________ тиесілі ___________ _________________тізілімге ________________ ж. «______» ___________________________________________ № __________________ болып енгізілген _____________________________________әуе кемесіне (әуе кемесінің түрі, тану белгісі) № ________________ ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешімнің телнұсқасын беруіңізді сұраймын. Айырбастау себебі (көшірмені беру)____________________________________________ Әуе кемесі туралы деректер: 1. Үлгі _____________________________________әуе кемесінің қолданылуы ________________________ 2. Ұлттық және тiркеу белгiлерi ________________ 3. Әуe кемесiнiң сериялық (зауыт) нөмiрi ________ 4. Әуе кемесінің дайындалған мерізімі __________ 5. Үлгі сертификаты немесе эквивалентті құжат және оның нөмірі______________________ 6. ИКАО санаты_____________________________ бойынша ұшуға рұқсат етілген әуе кемесі. 7. Соңғы жөндеудің жүргiзiлген күні мен орны _________________________________________________ 8. Әуе кемесінің ұшуы а) пайдалану басталғаннан берi:____________ сағат ___________ қонуы ____________ жыл ә) соңғы жөндеуден кейiн: _____________ сағат ___________ қонуы _____________ жыл 9. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы: _______ сағат ___________ қонуы _____________ жыл 10. Салмағы, кг __________________________орталандыру, % Орталық аэродинамикалық хордасы (ОАХ) ________________________________________ 11. Пайдаланушылар комиссиясының әуе кемесіне жасаған техникалық жағдайы актісінің бекіту уақыты ______________________________________________ 12. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсі ______________________________   М.О.          _________________________________      (лауазымы) 20___ж. «__» ___________         ____________________    (қолы, аты-жөні) Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызме­ті басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ___________________________ М.О.          _________________________________              (лауазымы) 20___ж. «___» __________             ____________________                  (қолы, аты-жөні) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6842 болып енгізілді.