• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2017

Мемлекет басшысы ҚХА-ның жиырма бесінші сессиясын шақырды

140 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады akorda.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                            Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 наурыз

                № 154

Соңғы жаңалықтар