• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Наурыз, 2017

Ақпан айында қазақстандықтар 567 млрд теңгеге сауда жасаған

190 рет
көрсетілді

2017 жылдың ақпан айында Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 567,8 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға жоғары, деп жазады ranking.kz.

Ақпан айы бойынша ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында байқалды (14,7 пайызға, яғни 19,7 миллиард теңгеге өскен). Ал Қызылорда облысында - 10,7 пайыз, яғни 17,6 миллиард теңгеге өскен. 

Бөлшек саудада мегаполистердің үлесі жоғарылап келеді: 2017 жылдың ақпанында 42,8 пайыз, ал бір ай бұрын 42,5 пайыз болған және бір жыл бұрын 41,3 пайыз болған. 

Қазақстандықтардың бір ай ішінде жұмсайтын қаражаты өскен. Ақпан айында бұл сома 56,1 мың теңгеге жетіп, қаңтар айымен салыстырғанда мың теңгеге, ал 2016 жылмен салыстырғанда 7,2 мыңға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласы (106,2 мың + 3,3 мың қаңтарда) мен Атырау облысында (68,9 мың + 8,8 мың қаңтар) тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар