Қазіргі таңда екі боксшы Канада елінде жаттығып, жекпе-жек өткізіп жүр.
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев (8-0, 7КО) пен Абылайхан Құсайынов (5-0, 4КО) өздерінің келесі жекпе-жектерін 6-сәуір күні Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қарсыластарының есімдері әзірше белгісіз.
6-сәуір күні өтетін жекпе-жекте Батыр Жүкембаев 10 раундтық, Абылайхан Құсайынов 6 раундтық кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы 28 қаңтар (Астана уақыты бойынша 29 қаңтар) күні жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын техникалық нокаутпен ұтқан болатын.