• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері талқыланды

446 рет
көрсетілді

Мәжілісте палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тақырыбы − «Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері туралы» деп аталады. Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, Мәжілістегі «Нұр Отан» пар­тия­сының фракциясы жаны­н­дағы Экономикалық саясат жө­нін­дегі кеңестің төрағасы Бей­біт Мамраев Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында қо­йыл­ған еңбек нарығын жаң­ғыртуға байланысты кешенді тапсырманы іске асыру аясын­да қарастырылып отырған мәсе­ленің маңыздылығын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар 2015 жылға қарағанда өткен жылы ішкі көші-қонның 25 па­йыз­ға, елімізде тіркелген шет ел азаматтары санының 25 па­йызға және олар жасаған құқық бұзушылықтың 5,9 пайызға артқанын алға тарта келіп, сонымен қатар, заңсыз көші-қон және азаматтардың, соның ішінде жоғары білікті мамандардың, шет елдерге кету үрдісінің орын алып отырғанына назар аударды.

Депутаттар сондай-ақ этнос­тық қазақтарды қабыл­дау, оларға Қазақстан аза­мат­тығын беру кезiнде құқықтық рәсімдерді оңайлату және оралмандарды еңбек күші қажет аймақтарға қоныс аудару мәсе­лелері бойынша қонымды ұсыныстар білдірді.

Бірлескен отырыстың жұмы­сына Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Ішкі істер, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Ұлттық экономика министр­ліктерінің, жергілікті атқарушы орган­дардың, Халықаралық көші-қон ұйымының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бо­йынша тиісті ұсыныстар қабыл­данды.

Соңғы жаңалықтар