• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Мамыр, 2026

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жоғары соты Президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакты ақша жымқыру ісі бойынша екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот шешіміне сәйкес, ол 140 млн гривна (шамамен 3,2 млн доллар) көлемінде кепіл енгізсе, бақылаудан босатылып, сотқа келу міндеттемесін алады.

Кепіл төленген жағдайда Ермакқа Киевтен кетпеу, шетелдік паспорттарын тапсыру және іс бойынша бірқатар тұлғамен, соның ішінде Тимур Миндичпен, Украинаның бұрынғы вице-премьері Алексей Чернышовпен және астролог Вероника Аникиевичпен байланыс орнатпау міндеттеледі.

Сотта Ермак өзінде ондай қаражат жоқ екендігін, алайда «жеткілікті достар мен таныстар» бар екенін айтып, олардың көмектесе алатынына үміт білдірді.

Сонымен қатар ол тағылған барлық айыптарды жоққа шығарды.

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Айта кетейік, Андрей Ермак – Украинадағы жоғары деңгейлі саяси шенеунік ретінде танылып, Владимир Зеленскийдің ең жақын саяси кеңесшілерінің бірі болған. Ол президент әкімшілігінің жұмысын үйлестіріп, маңызды келіссөздердің қатысушы болды.

Бұған дейін Зеленский Путинмен кездесу бейтарап аумақта өтсе, келіссөз өткізудің мүмкіндігін қарастыратынын айтқан болатын.  Ал Кремль Украинамен толық форматтағы бейбіт келіссөздерді бастау үшін Донбастан қарулы күштерді шығару қажеттігін айтып талап қойған еді. 

Соңғы жаңалықтар