Алматы қаласының Медеу ауданында полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында ересектердің қарауынсыз ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ алкогольдік ішімдік тұтыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң бұзушылықтарға жол берген барлар мен түнгі клубтардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірнеше мекеменің қызметі 6 ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар, сот шешімімен бір мейрамхана кешенінің жұмысы да уақытша тоқтатылды.
Жасөспірімдерге тиісті бақылау жасамағаны үшін олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылды.