Кезекті жарыс күнінде қазақ спортшылары ұлттық құрама қоржынына үш қола медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz
Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Ардақов үшінші орын үшін өткен белдесуде оңтүстіккореялық Хёнун Чхвені жеңіп, қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы күрес түрінен тағы бір жүлдені 130 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Олжас Сырлыбай иеленді. Ол қола медаль үшін белдесуде үндістандық Джогиндер Ратхиден басым түсті.
Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова Сингапур спортшысы Даниэль Сью Чинг Лимді шешуші белдесуде жеңіп, қола медальға қол жеткізді.
Ал Марал Танірбергенова жүлдегерлер қатарына ене алмады. Жәмилә Бақбергенова жарақатына байланысты турнирден шығып қалды.
Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль иеленді
Еске салсақ, бұған дейін грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлаған болатын.