• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Қазақстанда биыл уран банкі ашылады

293 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Роман Василенко БҰҰ-ның Жаңа­лық­тар қызметіне берген сұхбаты барысында елімізде Төмен байы­тылған уран банкінің ресми ашылуы биылғы 29 тамызда бола­тынын мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ Жа­ңа­лықтар орталығының un.org сайты хабарлады.

Р.Василенко бірінші кезекте 2015 жылдың 27 тамызында Астанада Қазақстан мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бұл келісімді өткен жылы ратификациялаған. Қазіргі таңда банк ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ол биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрінің орын­басары банктің ашылу салтанатының 29 тамызға белгіленуінің себебін де түсіндіре кетті. «Төмен байытылған уран банкін ресми түрде  29 тамызда ашудың өзіндік маңызды себебі бар. Нақтылай айтқанда, 1949 жылдың 29 тамызында Семей сынақ поли­гонында Кеңес Одағы алғаш рет ядролық қаруын сына­ған, сондай-ақ, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тари­хи Жарлығымен аталған полигон жабылған. Бұл күн БҰҰ тарапынан Қазақстан Пре­зидентінің бастамасы негізінде Ядролық сынақ­тарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жарияланды», – деді ол.

Сонымен қатар, Р.Василенко аталған банктің ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Атом энергетикасы жөніндегі халық­аралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қатысатынына үміттенетінін жеткізді.

Өз кезегінде Юкия Амано аталған іске байланысы барлық үдерістер кестеге сай жүріп жатқанын, банк ресми түрде ашылғаннан кейін агенттік одан төмен байытылған уран отынын сатып ала бастайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар