• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 27 Наурыз, 2017

Осы аптада мұнай бағасына әсер етуші факторлар

150 рет
көрсетілді

ОПЕК ұйымының хабарлауынша, қаңтарда әлемдік мұнай қоры 278 млн баррельге дейін артып, соңғы бес жылдағы максимумға жеткен.

Өткен жұма күні мұнай бағасы болмашы көтерілгенімен, апта басынан бері 2 пайыз төмендеді. Оған себеп болған АҚШ-тағы мұнай өндірісінің нарықтағы ұсынысты еселеп арттыруы мүмкін деген сыбыстың тарауы. 

Жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша, Брент маркасының бір баррелі 0,24 долларға қымбаттап, 50,80 долларға теңесті. 

Baker Hughes компаниясы өткен жұма күні АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған бұрғылардың санын жариялады. Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда елдегі жұмыс істеп тұрған бұрғы саны 652-ге жеткен. Бұл 2015 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғарғы көрсеткіш. 

Сонымен қатар, АҚШ-тағы мұнай қоры да бір аптада 5 млн баррельге артып, бұл өз кезегінде бағаның төмендеуіне алып келді. 

ОПЕК ұйымының хабарлауынша, қаңтарда әлемдік мұнай қоры 278 млн баррельге дейін артып, соңғы бес жылдағы максимумға жеткен. 

Осының бәрі қазіргі таңда бағаның көтерілуіне кедергісін келтіруде, дейді инвесторлар. 

Осы аптада АҚШ-тан келетін жаңалықты күтетін болады. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері АҚШ мұнай мен мұнай өнімдерінің қоры туралы жаңа мәлімет шықса, Кувейтте бас қосқан ОПЕК мүшелерінің сала министрлері өткен жылдың соңында мұнай өндірісін азайту туралы келісімнің орындалу барасына баға бермек. 

Соның ішінде саудагерлер екінші жартыжылдықта осы келісімнің ұзартылар-ұзыртылмасына көңіл аудармақ. 

Ирактың мұнай министрі Джаббар әл -Лаиби сенбі күні келісімнің ұзартылуын нарықтағы ахуал шешетінін айтқан еді. 

Ал Ресей Энергетика министрі Александр Новак бұл туралы көз қозғаудың әлі ерте екендігін айтқан. 

Алжир Энергетика министрі Нуреддин Бутерфа болса, келісімнің ұзартылуы нарық үшін пайдалы деген пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар