• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

18 миллион түп ағаш егуге шақырды

130 рет
көрсетілді

Астанада «G-Global» халықаралық хатшылығы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жер сағаты-2017» экоакциясы өтті.

Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде ту көтеретін шара биыл оныншы мәрте өткізіліп отыр. Бұл жаһандық шараға бір мезетте 175 мемлекеттен 7 мыңнан астам қала қатысып, электр жарығын сөндірді. 2 миллиардтан астам адамды қамтитын өте ауқымды экологиялық жоба осылайша климаттың күн санап өзгеруіне күллі адамзаттың назарын аударуды көздейді.

Аталған шарада қала әкімінің орынбасары Е.Аманшаев елордада 100-ден астам нысан жарықтарын өшіріп, аталған акцияға үн қосып отырғанын және оған қатысушы мәдени мекемелер мен әлеуметтік нысандардың жылдан-жылға көбейіп келе жатқанын жеткізді. Оның ішінде «Астана Опера» театры, «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, Тәуелсіздік сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Алау» спорт кешені, «Астана-арена» стадионы, Ұлттық музей және көпірлер мен скверлер бар. Осылайша, елордалықтар бүгінде экологияны оңалту мен табиғатты қорғау мәселелеріне арналған шаралардың белсенді қатысушысына айналды. Парламент Мә­жі­лісінің депутаты Айгүл Соловьева ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Бо­ла­шақтың энергиясы» тақырыбына ар­налуы арқылы жасыл көпір міндетін ат­қарып отырған Елбасы саясатына ерекше тоқталды. Осы арқылы Қазақстан қор­шаған ор­таны қорғау бойынша әлемдегі инно­ва­циялық жобалардың өрістеуіне өз үлесін қо­сады, деді депутат. Ал «Байтақ Болашақ» Эко­логиялық альянсы» РҚҚ жетекшісі Аза­матхан Әміртайдың айтуынша, елімізде жыл со­ңына дейін 18 миллион жас өскін отыр­­ғызылмақ. Ол осы ізгі акцияға барша қа­зақ­стандықтарды белсене қатысуға шақырды. 

Айта кеткен абзал, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының ұйымдастыруымен елімізде киіктерді қорғау, тұран жолбарысын оралту сынды бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар