• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Наурыз, 2017

«Газельді» тізгіндеген әже

246 рет
көрсетілді

67 жастағы зейнеткер ана Несіпхан Садырованың көлік тізгініне отырғанына – 30 жыл. Бала кезінен ерлердің жұмысын ат­қа­рып, ерлермен бірге еңбек ет­кен ол мектеп бітірген соң темір жонып токарь қызметін атқарады да, те­мір-терсектің тілін тү­сін­ген соң көлік жүр­гіз­у­ге қызығушылығы ар­та­ды.

Жүргізушілік куә­лі­гін алған соң жастық жалын­мен алғаш «ГАЗ-51» кө­лі­гінің руліне отырады, мін­деті – ауылдарға не­ме­се көрсетілген мекен­дер­ге хат, нан, тауарлар та­су. Ісіне тиянақты қыз­ға кейін жаңа көліктер бе­рі­ле бастайды, су жаңа «УАЗ»-дың да алғашқы жүр­­­гізушісі болады. 

Қазіргі таңда Несіпхан апа облыстық темір жол қоймасында еңбек етеді, қоймаға келетін тауарлар­ды қабылдап, қажетті орын­­ға жеткізеді. Ал көлік бұ­­зылса, оны жөндеу әже үшін қиын шаруа емес, кез келген бөлшекті өзі жөн­­деп, моторды шашып қа­й­­та құрастыру ол үшін үйреншікті жағдай. Тіпті, бұл шаруаларда алдына жан салмайды деуге бола­ды.

Ұжымы оны өз ісіне тия­нақтылығы, ши­рақ­тығы үшін қатты құр­мет­тейді және от­басында келін жұмсап, немере тәр­биелеген әже ре­тін­де сый­л­ы. Өз ортасына кө­ңіл­ді құрбы, туыстарына ақыл­шы апа, ардақты ана, ұжым­да көп әңгіме айтып бұл­данбайтын, жұмысына жауапкершілікпен қарап, тапсырылған тапсырманы бар ниетімен орындайтын Несіпхан әже өзі қа­зір жүр­гізіп жүрген «Газель» кө­лігін ұршықша иі­ріп, зыр­ғып жүр. Тың, ден­сау­лығы да жақсы.

– Мен сыйымдылығы үлкен, мінезі қалыпты өз көлігімді жақсы көремін. Бірақ, адамдар маған жасыма байланысты сұрақтар қойып, «неге үйде отырмайды екен?» деп жанашырлық танытып жатады. Бала­ла­ры­мның да көлік айдап, жүк тасығанымды қала­ма­­­ған кездері болды. Ал мен денсаулық бар кезде қо­­­­ғамға пайдалы іс жасау ке­рек деп ойлаймын, – дейді ол.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар