• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Наурыз, 2017

​Головкин салмағын ауыстыра ма?

371 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізу мәселесі бойынша ортақ келісімге келе алмаса, салмағын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді, деп хабарлады vesti.kz.

«Геннадий орта салмақтағы барлық белбеулердің басын құраса, бұл дивизионда қалудың еш мәні жоқ. Маусым айында жоспар бойынша Билли Джо Сондерспен кездесу өткеннен кейін GGG екінші орта салмаққа жол тартады. Ал ары қарай... «Канело» келіссе, онымен жұдырықтасамыз. Бұл мүмкін болмаған жағдайда супер орта салмаққа көшеміз», – деді Абель Санчес.

«Супер орта салмақта айтулы жекпе-жектер өткіземіз. Бұл салмақтағы жігіттердің Головкинге қаншалықты қарсылық танытатынын көрейік. Қазірдің өзінде Хильберто Рамирес шәкіртіммен қолғап түйістіруге дайын екендігін мәлімдеді», – деді ол. 

Айта кетейік Головкин-Сондерс айқасы Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында өтетіні хабарланған болатын. Ал «Канеломен» жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар