• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Биыл еліміз бойынша 14 бағытта темір жол ашылады

310 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде осы мекеменің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың апта сайынғы брифингі өтті.

Брифинг барысында Инвестиция және даму министрлігінің өкілі соңғы кезде ашылған жаңа темір жол бағыттары туралы айтты. 

–Соңғы уақытта «Астана-Ташкент» бағыты бойынша темір жол іске қосылды. Бұл бақытта «Тальго» жүрдек пойызы қатынайды. Алдағы кезде тағы да көптеген темір жолдарды ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл еліміз бойынша қосымша 14 бағытта темір жол ашылады. Қазір пойыздарымыз 44 бағытта қатынайды, – деді ол. 

Ол «Астана-Ташкент» темір жолын елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың жемісі екенін, қазір көлік-логистика саласында жаңа жолдар ғана ашылып қоймай, жолаушылар вагондарының күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пойыздардың сатып алынып жатқанын атап көрсетті. 

Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар