• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2017

Институт ректоры облыстық мәслихат депутаты болды

161 рет
көрсетілді

​Қостанай облысында шығып қалған депутаттар орнына мәслихаттар сайлауы өтті. Онда «Нұр Отан»партиясынан 6 кандидат, «Ақ жол» партиясынан 1 кандидат жеңіске жетті.

Облыстық-аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың мәліметінше, мәслихаттардан шығып қалған депутаттар орнына өткізілген сайлауға барлық сайлаушылардың 64,2 пайызы қатысқан.

Қостанай қаласында облыстық мәслихаттың депутаттық мандатына таласқан 5 үміткердің арасынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл жеңіске жетті. Лисаков сайлау округінде сайлаушылар «Нұр Отанның» өкілі, «Қазақстан Аллюминиі» АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Сергей Щелоковты таңдады. Меңдіғара ауданында сайлаушылар негізгі дауысты «Ақ жол» партиясының өкілі Меңсұлу Болатоваға берді. Қалған жеңімпаздың барлығы да «Нұр Отан» партиясынан болды.

Облыста барлығы 7 депутаттық мандатқа 24 үміткер бәсекеге түсті. Олардың 23-і ресми тіркелді. Бір үміткердің қажетті құжаттары болмағандықтан, тіркелген жоқ. 

Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар