Қазақстан кибершабуылдарға ұшыраған елдердің тізімінде жиырма жеті орынға төмендеді. Жыл басынан бері Қазақстан компаниялары қорғанысты азайтып, нәтижесінде 124 елдің ішінде 46-орынға тұрақтады.
Ең көп шабуылға ұшыраған компаниялар Замбия, Малави мен Камбоджаға тиесілі болып шықты. Ал Черногория, Барбадоса мен Лихтенштейн компанияларына хакерлер аз шабуылдайтын көрінеді.
Ең белсенді зиянды бағдарламалардың тізімінде Kelihos бағдарламасы көш басына шықты. Осы бағдарламадан зиян көрген компаниялар саны кибершабуылға ұшыраған барлық компаниялардың 12 пайызын құрайды. Екінші орындағы зиянды бағдарлама HackerDefender-ге 5 пайыз тиесілі. Ал Cryptowall бағдарламасының зияны тиген компаниялардың саны 4.5 пайызды құрайды.