• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 28 Наурыз, 2017

Уақыт талабына сай іс-қимыл

214 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­дауын­дағы бес басым бағыт біздің ұстанымдары­мызбен үндестік та­бады.

Мәселен, Қазақстан үшін негізгі мін­дет­тердің бірі – экономиканы әртарап­тан­дыру. Ал экономиканы әрта­рап­тандыру жаңа әрі әлеуетті кәсіпорындардың ашы­луына мүмкіндіктер береді. Ол бұрын­ғыға қарағанда көптеген жұмыс орын­дарының ашылуына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде  экономикалық өсім алып келеді. 

Қазақстан іскер топтарға барынша жағдай жасауға баса назар аударуда. Қазақстан соңғы бірнеше жылда іскер топтарды көтермелеу, оларға жағымды орта қалыптастырып беру ісі бойынша көптеген шараларды жүзеге асырып, соның нәтижесінде әлемдік Doing Business рейтингінде 35-ші орынға жай­ғасты. Бұл Қазақстан үшін өте жо­ғары көрсеткіш. Осы салада Қазақстан­ның жақсы нәтижелерден көрінуі Пре­зи­денттің үнемі қолдау білдіруімен тіке­лей байланысты деп ойлаймын.

Қазақстан үшін экономиканы әр­та­рап­тандыру барлық сала бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуге жол ашады. Әсіресе, көрші елдермен сауда-саттық жасауда өз тиім­ділігін көр­сетеді. Менің ойымша, эконо­миканы әр­та­раптандыру ауыл шаруашы­лығын дамытуға, қызмет көрсету салаларын жетілдіруге тың серпін береді. Бұл орайда іскер топтарға оңтайлы климат қалыптастыруға, сондай-ақ, технологиялық жаңғыртуға баса көңіл аударған жөн.

Жолдауда макроэкономикалық тұрақ­­тылық мәселесі атап көрсетілген. Шын мәнін­де, макроэкономикалық тұрақ­тылық өте маңызды. Өйткені, ол ұзақ мерзімді өсім­нің әлеуетін нығай­тады. Қазақстанның орнық­ты мак­ро­экономикалық фокторға ие болуы оның өзгелермен әріптестік әлеуетін күшейте түседі. Сондай-ақ, инвесторлардың Қазақстанға деген сенімі артады. Бұл Қазақстан экономикасында өсімнің ұзақ уақыт бойы сақталып тұруына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жолдауда білім беру саласына айрықша көңіл бөлінген. Дүниежүзілік банк Қазақстанның білім саласына қатысты бағдарламаларына үнемі қолдау білдіруде. Дәл осы са­ла бойынша біз бірнеше жыл бойы Қазақ­стан Үкіметімен бірлесе жұмыс істеп келеміз.

Тағы бір айта кетер жайт, Қазақстан­да ауыл шаруашылығының келешегі зор. Мен үнемі «Ауыл шаруашылығы саласы – ескіліктің қалдығы емес. Оған біздің бола­шағымыз тікелей бай­ланысты. Мәселен, қазіргі таңда әлем­дегі жұмыс берушілер­дің ең ірілері азық-түлік өнімдерін өндіру­шілерге тиесілі», – деп айтып жүремін. Бас­қаны былай қойғанда, Қазақстанмен көрші мемлекеттердің азық-түлік тауарлары­на деген сұранысы артып келеді. Қазақстан­ның бұл сұраныстарға лайықты жауап беруіне мүмкіндігі мол. Осы орайда, елдің геогра­фиялық орналасуы, құнарлы егістік жерлердің көптігі Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы басымдықтары болып табылады.

Сирил МУЛЛЕР, 

Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті 

Соңғы жаңалықтар