• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2017

Сенім грамотасын тапсырды

131 рет
көрсетілді

Қазақстанның Италиядағы елшісі және Мальта Республикасында елші қызметін қоса атқарушы Сер­гей Нұртаев Мальта Президенті Мари-Луиз Колейро Прекаға Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады Қазақ­стан Сыртқы істер ми­нистр­лігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тарап­тар түрлі салалар бойынша екі­жақты ынтымақтастықты да­мыту мәселелерін талқы­лады. С.Нұртаев өз кезегінде Қазақ­станның Мальтамен сауда-экономикалық ықпалдастық­ты арттыруға қызығушылық таны­тып отырғанын жеткізді. Қазақстандық дипломат, сон­дай-ақ, екіжақты байла­ныс­та туризм және білім сала­ларының алар орнын атап көрсетті.

Сонымен қатар, С.Нұр­таев Қазақстандағы саяси және экономикалық оң өз­геріс­тер жөнінде, ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесі­не да­йындық барысы тұрғы­сын­­да және еліміздің БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қыз­меті туралы айтып берді. Сон­­дай-ақ, ол Қазақстанның ха­лық­­аралық бітімгершілік бас­та­маларына да назар аударды. Бұдан бөлек, елші «Нұрлы жол» бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары аясында Қазақстан эконо­ми­касын әртараптандыру, инвес­тициялық климатты жақсарту, жекешелендіру мәселелеріне тоқталды.

Мальта Президенті Мари-Луиз Колейро Прека өз ке­зегін­де екіжақты ынтымақтас­тықтың дамуына тілектестігін білдіре келіп, Мальтаның Қазақ­станмен түрлі салалар бойынша қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол Еуропалық Кеңестің іс ба­сындағы төрағасы (2017 жыл­­дың қаңтар-маусым ай­ла­ры) болып саналатын Мальта Рес­публикасының Прези­ден­ті ретінде екі ел қа­ты­­насын Қазақстан-Еуро­па­лық одақ бай­ланыстары желі­сінің аясында дамытудың маңыз­дылығын сөз етті.

Соңғы жаңалықтар