Аталған іс-шараны өткізуге Қазақстанның азаматтық альянсы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық мұрындық болды. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған бастамаға және іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдірді.
Конгресс жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, азаматтық, кәсіподақ, этномәдени бірлестіктердің және басқа да азаматтық институттардың өкілдері қатысты.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға тарту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, агенттіктің түсіндіру жұмыстарына қатысты жаңа амалдары айтылды.
Нақтылай айтар болсақ, «Есіктен есікке» бағдарламасының шеңберінде наурызда Астананың барлық тұрғындары коммуналдық қызмет төлемдері қағаздарымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар алды. «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шағын топ өз жұмысын бастады. Бұл топ насихат жұмыстарын еңбек ұжымдарында жүргізуде, сондай-ақ, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруда.
Бұдан басқа, агенттік Қазақстан азаматтық Альянсымен, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықпен бірлесіп, 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған. Олар: «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит; мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын қарастыру; сатып алынатын қызметтер және тауарлардың дәлелденген бағаларына мемлекеттік сатып алуларды мониторингтеу; еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау; «Жолдарда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам.
Қазақстан азаматтық альянсымен бірлесіп, көрсетілетін барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерге «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит өткізу жоспарлануда. Оның нәтижесі бойынша тосқауылдар мен әкімшілік кедергілер анықталып, айтарлықтай тиімді қарсы шаралар ұсынылатын болады.
Жақын туыстардың бірге жұмыс істеуі, әріптестері мен қауымдастық үшін белгілі мемлекеттік сатып алулар кезіндегі тиесілілік, олардың ішін аралық қарым-қатынасы – осыған ұқсас фактілерді хабарлау бұл жұмысты айтарлықтай тиімді етеді. Одан бөлек, қоғамдастықтың қатысуымен сатып алынатын қызметтер мен тауарлардың бағасы негіздемесінің мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының тармақталған жүйесі және салалық мамандануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен еңбек ұжымдарын қамтуға және тиісті салалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін терең және нақты талдауға мүмкіндік береді. Салалық кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен талдау жасалынатын сегіз сала анықталған.
«Пара берме және алма!» қағидасын жүзеге асыра отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық агенттікпен бірлесіп еліміздің барлық аймақтарында жол полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының қарым-қатынасын трансформациялауға бағытталған «Жолдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша он қадам» арнайы жобасын жүзеге асыруда. Негізгі мақсат – екі тараптың мінез-құлқының сыбайлас жемқорлық моделін жою және «пара берме және алма» қағидасын жүзеге асыру.
Жалпы, Конгрестің қатысушылары жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жоғары бағалады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.