Шыбын-шіркейдің жаз туа бас көтертпей қаптап кетуін еліміздің Экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» мамандары келіп зерттемек. Ал жәндіктерді улау жұмыстарымен «Биофарм» ЖШС айналысады.
– Сондықтан, қаражат өткен жылғымен салыстырғанда 4 есе өсті. Бұл улау шаралары және ғылыми ізденістерге де бөлінеді. Қажетті дәрілік препараттар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған-ды. Конкурс жеңімпазы жұмысты жылдағыдай шіркей қаптаған кезде емес, 1 сәуірден бастайды. Аталған жұмыстарды Ертіс өзенінің ағысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Ресей шекарасына дейін жүргіземіз, – дейді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Берковский.
Арнайы құрылған комиссия мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары енді ауылдарға барып, шыбын-шіркейдің жайын өздері зерттеп білмек. Облыстағы Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжі, Май және Павлодар аудандарында жүргізілетін жұмыстар ғылыми топтың ұсынысы бойынша сәуір айында басталмақ.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР