2018 жылдың күзінен бастап кәсіпорындағы бір роботтың өзі тәулігіне сегіз ғимаратқа (вилла мен таунхаустар) дейін салмақ. Өндіріс 40 мың шаршы метрлік аймақта қолға алынбақ.
Кәсіпорын басшысы Фэйцал Коттиколлонның айтуынша, үй құрылысында робототехниканың пайдалануы үлкен революция. Кәсіпорын өзінің роботтарын жасауда көптеген технологияны Tesla компаниясының үлгісінде жасаған.
"Біз төртінші өнеркәсіптік төңкеріске аяқ бастық. Алдағы уақытта құрылысшы роботтардың жұмыс істеуі қалыпты нәрсеге айналмақ. Жаңа тәсіл жұмыс күшін үнемдеп, қоршаған ортаның ластануына тосқауыл болады", - дейді кәсіпкер.
Роботтар дап-дайын үй салып береді. Сыртқы құрылыстан бастап ішкі әрлеу жұмыстарына дейін барлығын роботтар автоматты түрде жасайды. Алдағы уақытта осындай тәсілмен аурухана, қонақүй мен әлеуметтік нысандар салынатын болады.
Алдын ала жоспар бойынша, осы технология 2020 жылы өтетін ЭКСПО көрмесі кезінде туристерді үймен қамту үшін пайдаланылмақ.