• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2017

АҚШ-тағы конференцияда "Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хабқа қатысушы елдердегі үрдістер" атты арнайы сессия өтті

154 рет
көрсетілді

​Хабқа қатысушы елдердегі мемлекеттік қызмет реформасы Америкалық мемлекеттік басқару қоғамының қызығушылығын тудырды.

Америкалық мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) конференциясы аясында Атлантада (АҚШ) «Мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатындағы әріптестік: Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік Хабқа қатысушы елдердегі үрдістер» атты арнайы сессия өтті. 

Қатысушыларға Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов пен ASPA президенті Джэнис Лачанс лебіздерін білдірді. Сессияны аша отырып, Алихан Байменов Хабқа қатысушы-елдердің мемлекеттік қызметін жетілдіруде Америкалық мемлекеттік басқару қоғамымен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. 

«Аймақ елдері дамудың өзіндік жолын таңдады, өз басымдылықтарын белгіледі және қазір олар - мемлекеттік қызметтің әр түрлі деңгейінде. Олардағы реформалар барысы мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық контекст арқылы, әрі саяси жігердің болуымен анықталады. Соған қарамастан, бұл елдерде заманауи мемлекеттік қызмет құру бойынша ортақ ұмтылыс бар», - деді Алихан Байменов. 

Орталық Азия мен Кавказ елдері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі негізгі үрдістер жайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппарат жетекшісі Саян Ахметжанов, Әзірбайжанның Мемлекеттік емтихан орталығы директоры Вафадар Мисиров, Грузияның мемлекеттік қызмет Бюросының директоры орынбасары Мая Двалишвили, Қырғызстан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы ректоры Алмаз Насыров баяндады. Ал мемлекеттік қызметтегі жаңашыл бағыттар, оның ішінде тиімді, ашық және есеп беретін мемлекеттік қызметті қалыптастыруды көздейтін электронды басқаруды енгізу бойынша Эстонияның электронды басқару Академиясы өкілі Ханнес Асток өз елінің тәжірибесімен бөлісті.

Барлық қатысушылар аймақта мемлекетті қызметті дамыту бойынша әріптестіктің маңызы мен тәжірибе және білім алмасудың тиімді тұғырнамасына айналған Хабтың бірегей рөлін атап өтті. Аймақ елдеріндегі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі трансформациялық өзгерістер туралы талқылауларға ТМД, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік органдар, оқу орындары, халықаралық ұйымдар өкілдері – сарапшылар мен практиктер қатысты. Хабқа қатысушы елдердегі мемлекетті басқаруды дамыту бойынша Оңтүстік Калифорния университетінің құрметті профессоры Честер Ньюланд, ASPA бұрынғы президенті Стив Кондри, Нью-Йорктің Қалалық университеті профессоры Деметриос Аргириадес, ОРМ жанындағы АҚШ-тың жоғарғы мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Федералды институты директоры Флетчер Хонимунд сияқты мемлекеттік басқару саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар пікір алмасты. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті дамытудағы Хабтың айрықша рөліне ASPA Халықаралық Ассамблеясы қатысушылары да тоқталды. Мемлекеттік басқару бойынша халықаралық тәжірибеге арналған Ассамблея сессиясына Хаб өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар