Колумбияның оңтүстік-батысында су тасқынынан 254 адам қаза тапты. Бұл туралы мемлекеттің президенті Хуан Мануэль Сантос хабарлады, деп жазады ВВС.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына мың әсери қызметкер жұмылдырылды.
Құтқарушылардың хабарлауынша, зардап шеккендерді іздеу жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Сонымен қатар көпірлер мен жолдар бұзылып, зардап шеккен аудандарға жету де қиындаған.
Белгілі болғандай, бірнеше сағат толассыз жауған жаңбырдың кесірінен өзендер арнасынан шығып, су тасқыны болған.